Шин-Лайн компаниясының өнімі «Food Expo Qazaqstan 2019 үздік өнімі» сусындар мен азық-түліктің тәуелсіз кәсіби дәмін сынау байқауының «Балмұздақ» санатында жеңімпаз деп танылды. Шара дәстүрлі түрде «Food Expo Qazaqstan — 2019» Орталық Азия халықаралық көрмесі аясында өтті. «Шин-Лайн» компаниясы байқауға «Бомба», қара рожок, «Мишка на полюсе» шоколадты майқоспалы печеньедегі пломбирден жасалған үлкен сэндвич және осы маусымның жаңалығы саналатын «Бахрома» екі қабатты fondant трюфель — қызыл апельсин өнімдерімен қатысты.

Өнімдердің сапасына және органолептикалық қасиеттеріне сараптамалық бағалауды Қазақстан Азық-түлік академиясының төрағалық етуімен тәуелсіз сараптау комиссиясы жүргізді.
«Біз осы ретте кәсіби мамандардың пікірі біздің көптеген тұтынушыларымыздың пікірімен сәйкес келгеніне қуаныштымыз, олар күнделікті «Шин-Лайн» балмұздағы үшін дауыс беріп, бүкіл ел бойынша және шет елдерде де біздің суық тәттілерімізді белсенді түрде сатып алуда. Бірегей өндіріс технологиясы бар жоғары сапалы жаңа өнімдерді әзірлеуге инвестициялар бізге тұтынушылардың жүрегіне жол табуға мүмкіндік берді, дей тұра біз қол жеткізген жетістіктерімізді тоқтатпаймыз. Біздің жоспарымызда жаңа биіктіктерді бағындыру, жаңа нарықтарға шығу, балмұздақтың жаңа қызықты және ерекше дәмі, сондай- ақ өнімді жылжытуға батыл және тосын амалдар бар», — деп атап өтті «Шин-Лайн» ЖШС Бас директоры Владимир Пак.

Бүгінгі күні «Шин-Лайн» Қазақстандағы республиканың барлық аймақтарында жұмыс істейтін балмұздақ шығаратын жалғыз өндіруші болып табылады. Соңғы жылдары компания қазақстандық балмұздақ экспортын тұрақты дамытуда. Осы маусымда «Шин-Лайн» балмұздағының экспорты ақшалай көріністе 2,23 есеге артты. Ал компания түсімінің құрылымындағы экспорт үлесі 7%-дан 12%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, маусымның қорытындысы бойынша компания «Шин-Лайн» балмұздағы сатылымының өсімін көрсетті – 20% табиғи және 30% ақшалай түрінде.
FoodExpo Qazaqstan 2019 көрмесіне 32 елдің өндірушілері қатысты. 10 ел тамақ, сусын және технология өндірушілерінің бірлескен ұлттық көрмелерін ұйымдастырды, олардың ішінде Беларусь, Германия, Индия, Индонезия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея бар.
Мақпал Ноғайбаева