jasqazaq.kz

«Шин-Лайн» экспорт көлемін арттырады

08 тамыз 2018, 15:18

Бүгін еліміздегі дәмді балмұздақтарды дайындайтын «Шин-Лайн» компаниясы бірқатар БАҚ өкілдерімен кездесіп, жарты жылдық мерзімнің қорытындысымен бөлісті. Сонымен қатар келушілерге балмұздақтың жаңа дәмдері таныстырылды. Алдымен шараға келген журналистер компанияның жаңа өнімдерін татып көріп, жиын ортасында «Шин-Лайн» компаниясының  басшысы Андрей Шинмен ашық әңгіме құрды.

Аталмыш компания биыл Қытай нарығына 200 тонна бал­мұздақ апаруды көздеп отыр. «Шин-Лайн» балмұздақтарын қытайлықтар асыға күтуде. Өйт­кені 2017 жылы бұл компания үш бірдей мамандандырылған көр­меге қатысып 100 дистрибьютормен келісімге келген.

Жиын барысында «Шин-Лайн компаниясының басшысы Андрей Шин: «Бомба», «Бах­рома» мен «Мишка на полю­се» секілді Қазақстанда шығары­латын балмұздақтардың 10 тоннасы Алматыдан Шанхайға жөнел­тілді. Ендігі жерде Шанхайда жо­ғарыдағы брендтердің иесі, яғни «Шин-Лайн» компаниясының өз қоймасы бар. Бұдан былай Қы­тай­дағы орталық хабтан қазақ­стан­дық балмұздақтар елдің солтүстік аймағына, шығыс және оңтүстік-шығыс өңіріне жеткі­зіледі. Аталмыш компания биыл Қытай нарығына 200 тонна бал­мұздақ апаруды жоспарлап отыр. Компания жаңа дәмдерді шығарып қана қоймай олардың нарықтағы экспортталу көлемін ұлғайтатын  болады»-деді.

Аталмыш компанияның өнімдері Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Монғолия нарығында бар.  Экспорттың ұлғаюы үшін Ресей нарығын бағындыруға компания үлкен жұмыс атқаруда. Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда Ресейге компания өнімін экспорттау 3 пайызға артқан.

Сонымен қатар компания шағын бизнесін дамытам дейтін жеке кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік ашып отыр. Ол үшін компанияның тауарын алсаңыз жеткілікті. Қосымша көп қаржы салмай –ақ, компанияның өнімін өз бағасына сатып алып,  қосымша тауар құнын белгілеп жеке бизнесіңізбен айналыса аласыз. Ол үшін тауарды сата алатын орынның  рұқсат қағаздарын дайындасаңыз жеткілікті. Жиын барысында компаниямен келісім шартқа отырып, жеке бизнесін дамытқысы келетіндер үшін арнайы компанияның ережесі мен одан түсетін пайдасы туралы кеңес берілді.

Компания алдағы уақытта жаңа дәмдермен қатар, жаңа брендтерді де шығаратын болады.  Сондай-ақ компания өзінің төл өнімдері: «Снеговик»,    « Смак», «Миша», «Караван», « Белочка» балмұздқтарының классикалық құрамын сақтап, өнімді шығаруды арттыратын болады. Отандық балмұздақтың сапасын көтеру арқылы экспортқа шығу сияқты қиын мәселе шешімін табуда. Болашақта  аталмыш компанияның өндіріс көлемі арта беретініне сенім мол.

 

Мақпал Ноғайбаева

Суреттер: Ғалия Қалиева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде