jasqazaq.kz

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

28 маусым 2022, 19:06

Шілде айында Қазақстан азаматтары әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне қоса 1 күн демалатын болды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері саналады.

Биыл елорда күні — 6 шілде сәрсенбіге келіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалады.

Мұнан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс саналады.

Ал биыл бұл мереке шілде айының 9-ына, сенбіге күніне тұспа-түс келіп тұр.

Мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылады.

Құрбан айт діни мереке болғандықтан ол күн сенбі не жексенбіге келсе де, қосымша бір күн демалыс берілмейді.

Демек, шілде айында қазақстандықтар жалпы 11 күн демалады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық