jasqazaq.kz

Шілде айында кейбір өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады

17 маусым 2020, 12:42

Шілде айында республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты норма шегінде болады деп күтілуде. Орташа көпжылдық мәндерден аз жауын-шашын мөлшері елдің тек оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде), орталықта (Қарағанды облысы және Балқаш көлінде) және Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстік аумағында ғана жауады» — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Шілденің әрбір он күнінде қысқамерзімді суық толқындар болжанады. Жауын-шашын, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде + 7 + 12°С, күндіз + 17 + 23°С-қа дейін; оңтүстікте түнде + 13 + 18°С, күндіз + 25 + 30°С дейін. Шілдеде Қазақстанның солтүстік аймақтарында температура +25+33°С, ал оңтүстікте +30+35°С болады.

Бірақ кейбір күндері оңтүстікте термометр +35+45°С-қа, ал солтүстікте +30+38°С-қа дейін айтарлықтай көтерілуі мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, шілдеде елдің барлық өңірінде ыстық болады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі