jasqazaq.kz

Шиелінің әкімі тұрғындармен кездесуге халықты кіргізбей қойған (видео)

30 қантар 2019, 12:28

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы тұрғындармен кездесуге қарапайым халықты кіргізбей қойған. Өзінің мұң-мұқтажын аудан басшысына айтуға барған көпшілікті күзетшілер есіктің аузынан қайтарған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап nur.kz хабарлады.

Қарапайым халықты әкіммен жүздесуге жібермей тұрған қызметкерлер бұл әрекеттерін арнайы бұйрық деп түсіндірген.

«Әкімшілік «кіргізбесін» деп бұйрық берген. Кіргізбе деген ғой. Қайтеді енді», — дейді есеп беретін залдың алдын күзетіп, әкімге тек мемлекеттік қызметкерлерді кіргізуші азамат.
Ал тұрғындар осы кездесу үшін бар тірлігін тастап, таңғы 09:00-ден бастап осы мекеменің жанында жүр.

Алайда олардың бұл әрекетінен нәтиже шықпаған.

«Неге кіргізбей жатқанын білмеймін ғой. Орындай алмайтын болғасын осылай жасайды. Қазір «бәрін орындап жатырмыз» деп іште құрғақ уәде беріп жатқан шығар», — дейді ашынған тұрғындардың бірі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде