jasqazaq.kz

Щучинскіде өртенген базардан ер адамның денесі табылды (Видео)

18 мамыр 2022, 10:51

Бүгін, 18 мамыр күні сағат 04-50-де Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында «Жомарт» базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртенді. Өртті сөндіруге 97 өрт сөндіруші жіберілді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метр. 45 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді. Осылайша екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірді.

«Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасының өкілдері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр