jasqazaq.kz

Шетелге қашқан ломбард құрылтайшысы мәлімдеме жасады (видео)

25 ақпан 2020, 14:02

Әлеуметтік желіде өзін «Гарант 24» ломбардының құрылтайшысы ретінде таныстырған жігіттің елден қашып кету себебін түсіндірген видеосы кең тарап жатыр. Ол абақтыға қамалудан қорқып, қашып кеткенін жеткізді.

Ер адамның видеосы әлеуметтік желі мен мессенджерлерде кеңінен тарап жатыр.

Өзін ломбард желілерінің құрылтайшысы ретінде таныстырған жігіт жанжалдың ортасында қалғанын, елге қайтуға қорқып отырғанын айтты.

«Менің өз адамдарым бар, әрине, органдарда, одан жоғарыда отырағандар да бар. Егер мені қамаса, мен сіздерге ақшаны қайтара алмаймын. Қамап қою қорқынышты емес, сіздерге ақшаны қайтармау одан да қорқынышты. Егер мен қашқым келсе, алдыңғы видеоны түсірмеген болар едім. Мен үнемі сіздермен байланысты болдым, қалаларға да бардым. Менің әріптестерім – жалдамалы қызметкерлер, олар да ақша тапқысы келді. Егер оларды түрмеге қамаса, ақша қайтарып алу қиындай түседі. Егер мен елге оралсам, мені қамайды. Себебі көп арыз түскен», — деп жазды ол.

Ер адамның айтуынша, компания ақшасы Қазақстанда айналымда жатыр. Ол елге оралып, өз міндетін орындауға дайын.

«Ақша айналымда жатыр. Қайда екенін айта алмаймын. Себебі видео арқылы қайда екенін анықтаса, айналымды тоқтатып, тәркілеп, иеленіп алады», — деді ол.
Сондай-ақ, ер адам бәрін реттеу үшін қолдау көрсетуді сұрады. Бұған уақыт кететінін де атап өтті.

Ішкі істер министрлігі мыңдаған қазақстандықты алдаған ломбард құрылтайшыларының кім екенін анықтады. Олардың бірі – 1993 жылы туған «Гарант 24 ломбард» құрылтайшысы Мырзабаев Аслан Пазылжанұлы. Полиция мәліметінше, бұл жігіт пен өзге де күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау және басқа облыс тұрғындары «Гарант 24», «Estate Ломбард», «Home Avto Invest» ломбардына салынған қаражатты қайтара алмай отырғандарына шағымданған болатын. Олардың көпшілігі жылжымайтын мүлкін сатып, қаржы пирамидасына ақша құйған. Полиция «Гарант 24» компаниясына қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

 

sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия