jasqazaq.kz

Шетелдіктерге қызмет көрсеткен жезөкшелерді ұстады

29 қараша 2018, 15:53


Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін караоке-бардағы жезөкшелердің ұсталған сәтінің толық видеосы пайда болды.

Tengrinews.kz  жазғандай, қалалық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, притон ұйымдастырушылар тек шетелдіктерге қызмет еткен. Сол сәтте караокеде Оңтүстік Кореяның 22 азаматы мен 18 жеңіл жүрісті қыз болған. Арнайы операцияға төрт елдің қызметкерлері қатысқан — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан. Видео департаменттің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. «Мұнда төрт басшы болған, олардың екеуі — Оңтүстік Корея азаматтары. Олардың караоке-барларында жеңіл жүрісті қыздар жұмыс істеп, тек шетелдіктерге қызмет көрсеткен. Ұсталғандардың барлығы Полиция департаментіне жеткізілді. Төрт ұйымдастырушыға қатытсы ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Таяуда оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков. Еске салайық, осыған дейін Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелері бар караокенің анықталғаны хабарланған еді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық