jasqazaq.kz

Шетелдіктерге қызмет көрсеткен притон анықталды

15 қазан 2019, 13:12

Алматы полицейлері жеңгетайлық пен жезөкшелік қызметтерді ұсынатын жасырын караокені әшкереледі. Бұл туралы қалалық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Алматы полицейлері қаладағы бизнесс-орталықтардың бірінде оныншы қабатта орналасқан караоке-притонды әшкереледі. Полицейлер «жұмыс орнында жүрген» 14 жеңіл жүрісті қызды және Оңтүстік Кореяның үш азаматын ұстады. «Бұл күмәнді орын «шәй-кофе» принціпімен жұмыс істейді, яғни клиент «шәй» таңдаса қыз оның жанында отырып, ән айтады, көңіл көтереді, қонақтың «ішін пыстырмайды». Ал егер «кофе» кодын таңдаса қыз бала клиентпен бірге бөлек жерге кететін болған. Негізгі қонақтар Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары. 14 қыздың үшеуі Өзбекстан азаматы, біреуі Ресей азаматшасы, ал қалғаны өз отандастарымыз. Сондай-ақ, мекеменің әкімшісі ұсталды. 1985 жылғы әйел бұрындары да жезөкшелікпен айналысуға қатысы бар болып, жауапкершілікке тартылған. Әзірге осы дерекке қатысты «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ұсталған адамдардың барлығы аты-жөнін анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда