jasqazaq.kz

Шетелдік жұмыскерлердің квотасы 40 пайызға қысқарды

13 қантар 2020, 11:42

Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40%-ға қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. «Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шекті саны 2020 жылға республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады. Квота 2019 жылы бекітілген санымен (48 700 бірлік) салыстырғанда 40% – ға, оның ішінде 3 санат бойынша (мамандар) – 37%-ға және 4 санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 23%-ға қысқартылды», делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 4 санат бойынша шетел жұмыскерлерін тартудан толықтай бас тартып, жұмыс берушілердің қажеттілігін жергілікті мамандар есебінен жабуды жоспарлап отыр. «Квотаны қабылдау ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғауға, қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандырады», делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде