jasqazaq.kz

Шетелдік нөмірлі жүргізушілер уақытша құжат алатын болды

28 қантар 2020, 11:25

Шетел номірімен жүрген жүргізушілерге тағы бір жеңілдік. Енді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік иелері утилизациялық төлем мен кедендік баж салығын бөліп төлей алады. Ал ресми тіркелгенге дейін Ішкі істер министрлігі мұндай темір тұлпарларға «18» деген сары түсті мемлекеттік нөмір тағып, уақытша құжат бермекші. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жаңа номірдің үлгісін көрсеткен вице-министр Марат Қожаев куәлік тек бір жылға жарамды екенін ескертті. Ал осы уақыт ішінде ешқандай төлем жасамаған жүргізушіге полиция шара қолданбақ. Сондықтан жауапты министрлік наразылық білдіріп жатқан жүргізушілерді шетел көліктерін заңдастыруға шақырды. Ол үшін көлік иелері халыққа қызмет көрсету орталығына барып, бірқатар құжаттарды тапсыруы тиіс. Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі осы дауға араласып, Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінген темір тұлпарларды кедендік рәсімдеуден өткізуге тура бір жыл, бір ай уақыт берген еді.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары:

— Уақытша тіркеуге тұруға жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірі, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ алғашқы тіркеуге – төлем және мемлекеттік нөмірге – төленген ақшаның түбіртегін өткізу қажет. Қойылатын талаптар өте қарапайым. Жүргізушілердің барлығы шетелдік көліктерін бір жыл ішінде заңдастыру керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде