jasqazaq.kz

Шетелдік нөмірлі көліктерге айыппұл салына бастайды

21 қазан 2019, 17:46


Жол ережесін бұзған қырғыз, армян және ресейлік нөмірмен жүрген жүргізушілерге айыппұлдар салынбақ.

«21 қазаннан бастап елордадағы және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, сонымен қатар Шымкент қаласындағы фото және видеотіркеу жүйелерінде тіркелген ереже бұзушылықтар туралы нұсқауларды тек қазақстандық нөмірі бар жүргізушілер ғана емес, шетелдік тіркеуде тұрған автокөлік иелері де алады», — делінген ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз хабарламасында. Бұрын мұндай мүмкіндік болған жоқ, себебі ереже бұзушылықтар туралы нұсқаулар тек Қазақстан Республикасында тіркелген көліктердің техникалық паспортына жазба негізінде жасалған. Шетелдік нөмір белгілері бойынша көлік жүргізушісі кім екенін анықтау және әкімшілік айыппұл салу қиын болған. «Сондай-ақ, соңғы 3 жылда шетелдік нөмірді көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары 2 есе өсіп кеткен. Осы себепті мұндай көлік иелеріне айыппұл салу жолдарын қарастыру қажет болған», — дейді Комитет. Қазақстан Республикасы аумағындағы жүргізушілерде көлік құралы қай елде тіркелгеніне қарамастан міндетті сақтандыру полисі болуы керек екенін айта кету керек. Айта кетсек, шетелдік көлікті басқаратын адамның кім екені туралы ақпарат сақтандыру полисінің негізінде анықталады, онда адам және көлік құралы туралы барлық қажетті сәйкестендіру ақпараты бар.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда