jasqazaq.kz

Шетелдік көліктерді заңсыз тіркейтін қылмыстық топ бюджетке 1 млрд теңгеге залал келтірген

09 желтоқсан 2022, 11:22

Шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеуді заңсыз жүргізген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың құрамына «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын адамдар кірген.

«Қылмыстық топ осы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсына отырып, олардың ақшалай қаражатын ұрлап, 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталды. Әрбір автокөлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған. Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған. ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының «Web-модуль» сервистік орталығы» ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған автомашиналар туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізу салдарынан жүзеге асқан. Соттың санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынды», — делінген Агенттік хабарламасында.

Мемлекеттік баждар мен төлемдерді төлеуге арналған азаматтардың ақшалай қаражатын күдіктілер ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсады.

Аталған адамдардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде азаматтар мен мемлекетке 1 млрд теңгеге төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде залал келтірілді. Бүгінгі күні іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚКО басшысы ұсталған.

Тергеу жалғасуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде