jasqazaq.kz

Шетелдік қазақстандыққа қалай донор бола алады?

11 желтоқсан 2019, 17:25

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ағзаға мұқтаж науқастың туысы емес адам қандай жолмен донор бола алатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Редакциямызға оқырманнан «Анам бүйрегін ауыстыру керек. Заң бойынша, жақын туысынан басқа адам донор болса – жазаға тартылады екен. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Не себепті генетикалық күйі сәйкес келетін шетелдік адам донор бола алмайды?» деген сұрақ келді. Оқырман сұрағына қатысты сұраухатымызға Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова жауап берді. «Әлеуетті реципиентке туыс болып табылмайтын адам медициналық тексеруден өтуден және тіндік үйлесімділіктің болуы шартымен, оның тіндерін (тіндерінің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) алу мүмкіндігі туралы консилиум қорытындысын алғаннан кейін донор бола алады. Егер басқа елдің азаматы өз ағзасын қазақстандыққа транспланттау мақсатында беруді қалайтын болса, нотариалдық куәландырылған ағзаларын алуға өтеусіз және ерікті келісім беруі, сондай-ақ жан-жақты медициналық тексеруден өтуі және оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) алу мүмкіндігі туралы консилиум қорытындысын алуы тиіс», — деді Мағрипа Ембергенова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда