jasqazaq.kz

Шетелдік ғалымдар алмаға «Нағыз қазына» деп баға берді

29 қантар 2019, 15:56


Шетелдік ғалымдар қазақстандық алмаға таңғалуда. Еуропадағы «Шарите» клиникасының мамандары біздің алмаға зерттеу жүргізген. Олар алманың бірқатар ерекшелігін анықтап, «нағыз қазына» деп баға берді.
Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.  «Нағыз қазына»: қазақстандық алманың денсаулыққа пайдасы шетелдік ғалымдарды таңғалдырды.

Германиядағы аллерголог Карл-Кристиан Бергманн қазақстандық алманы «нағыз қазына» деп отыр. Белгілі болғандай, бұл елде тұрғындардың 16 пайызының тозаңға аллергиясы бар екен. Сондықтан олар алма жей алмайтын көрінеді.   Өз еліндегі осы мәселеге алаңдаушылық танытқан ғалымның қолына қазақстандық алма түскен екен. Ол алманы зерттеп, құрамында аллергия тудыратын заттар жоқ екенін анықтапты. Белгілі болғандай, біздің елде өсетін алманың құрамында антиоксиданттар көптеп кездеседі және аллергендердің мөлшері өте аз.

Осылайша Бергманн аллергиядан зардап шегетін 100 адамға 3 ай бойы зерттеу жүргізіпті. Қатысушылар осы мерзім ішінде қазақстандық алманы жеп жүрген. Нәтижесінде анықталғандай,тәжірибеге қатысқан адамдар кез-келген алманы жей алатын болыпты. Оларға тозаң бұрынғыдай ауыр әсер етпейтін болған. Зерттеудің мұндай нәтижесі ғалымдардың өзін таңғалдырып отыр.

«Германияда алмаға аллергиясы бар бір миллионнан астам адам бұл жемістен бас тартқан. Бірақ менде емделіп жүрген бір науқас алманың кейбір түрлерін жей алатынын айтқан. Оның қандай ерекшелігі бар деп таңқалдым. Кейін Қазақстанның алмасының құрамында аллерген өте аз екенін анықтадық. Бұл – ғажап жағдай. Енді біз аллергия тудырмайтын, кез келген ағзаға пайдалы болатын алманың түрін қайта шығаруды мақсат тұтып отырмыз. Қазақстанның осындай алманы өсіріп, экспорттауға керемет мүмкіндігі бар», – дейді аллерголог Карл-Кристиан Бергманн.

Ендігі аллерголог маман қазақстандық дәрігерлермен бірігіп, біздің алманы зерттеуге дайын екендерін айтып отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда