jasqazaq.kz

Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды

16 қантар 2021, 14:14

15 қаңтар күні Қазақстан аумағына Қытай, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бір тәулікте барлығы 1 941 жолаушы ұшып келген. Оның 1 725-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 216 азамат ПТР-анықтамасыз келген, барлығы – ҚР азаматтары.

Атап айтқанда:

Алматы қаласының әуежайына – шетелден барлығы 6 рейс қонды, 1 169 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 1 042, анықтамасыз — 127;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 739 жолаушы, анықтамамен — 650, анықтамасыз — 89;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 33 жолаушы анықтамамен келген.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 14 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген ҚР азаматтарының тест нәтижелері белгілі болды. Оған сәйкес, «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия