jasqazaq.kz

Шетелден келген қазақстандықтар карантинге — ауруханаға жатқызылады

01 қазан 2020, 13:51

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов ІІ-санаттағы елдерден Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға қазан айының бірінші онкүндігінде COVID-19 бойынша қойылатын жаңа талаптардың енгізілгенін айтты. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

— Қазіргі уақытта Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің эпидемиологтары авиакомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, ІІ-ші санаттағы елдерден (21 елден) Қазақстанға әуе рейстерімен келетін барлық адамдарға қосымша талаптарды енгізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мәселелерді пысықтап жатыр. Авиакомпаниялар Қазақстанға билет сатып алатын жолаушыларға COVID-19 бойынша қойылатын қосымша талаптар туралы хабарлайды, — деді Байғабылов.

Шетелдіктерде мемлекеттік шекарадан өткізу үшін мерзімі үш тәуліктен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын зертахананың анықтама қағазы болуы керек, әйтпесе олар ұшаққа мінгізілмейді.

— Қазақстан азаматтары шетелден келгенде қолында осындай анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19-ға тест тапсырып, оның нәтижесі шыққанша ауруханаға екі күндік карантинге орналастырылады. Өңірлерде осы мақсатта тиісті ауруханалар дайындалды. Жылдың басында бұл алгоритм бойынша халықаралық рейстер жұмыс істегенін, тек бұл жолғы айырмашылық жолаушылардың екі күндік карантинге орналастырылуында екенін атап өткен жөн. Осы жаңашылдықтың өз күшіне енгені туралы қосымша ақпарат беріледі, — деді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

ІІ-санатқа қандай елдер жататынын төмендегі кестеден таныс бола аласыздар.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық