jasqazaq.kz

Шетелден келген алты жолаушыдан коронавирус анықталды

12 қазан 2020, 15:11

Шетелден келген алты жолаушыға коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов халықаралық рейстерден түскен қазақстандықтарда COVID-19 диагнозы расталғаны қанша екенін айтты.

— 6-12 қазан аралығында халықаралық рейстермен елімізге 14 578 жолаушы келді, оның 11 966-сында (82%) ПТР анықтама қағазы болған, 2 596 жолаушы мұндай тиісті құжат болмаған, сондықтан олар екі күнге карантинге алынды. Тест алынған 2 596 адамның ішінде әртүрлі рейстермен әрқалай күні келген тек 6 қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылды, — деді Байғабылов.
Оның ішінде: үш жолаушы Алматыдан (10 және 12 қазан), біреуі Нұр-Сұлтаннан(9 қазан) және екеуі Шымкенттен (11 қазан) анықталды. Қазақстандықтар Нұр-Сұлтанға Мәскеуден, Шымкентке — Түркиядан, Алматыға — Түркия мен Дубайдан ұшып келген.

Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар қолданылады. Вирус жұқтырған адамдармен байланыс шеңбері анықталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде