jasqazaq.kz

Шетел азаматынан 20 тоннадан астам контрабандалық темекі тәркіленді

05 сәуiр 2022, 17:14

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент қызметкерлері шетелдік азаматқа қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Шетел азаматы Қазақстанға 22 тонна контрабандалық темекі кіргізген, деп хабарлайды Stan.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі контрабандалық темекінің Қазақстан аумағына «жалған транзит» жүйесі арқылы кіргізілгенін мәлімдеді.

«Алдын ала құрылған қылмыстық жоспар бойынша қылмыскер темекі тиелген жүк көлігін жүргізген. Ол Қазақстан аумағындағы «Құрық» порты арқылы Әзірбайжаннан келген тауарды Ауғанстанға жіберетіні туралы айтқан. Алайда азамат Алматы облысы аумағында тауарды заңсыз түсірген жерінен тұтқындалды», – деп түсіндірді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң барлық материалдар сотқа жіберіледі. Тұтқынға алынған шетел азаматы экономикалық контрабандамен шұғылданғаны дәлелденген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде