jasqazaq.kz

Шетел азаматы шекараны кесіп өткен

13 қыркүйек 2019, 12:19


Солтүстік Қазақстан облысында елге заңсыз кірген шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы Тәжікстан азаматы соттың шешімімен заңнама тәртібін бірнеше мәрте бұзғаны үшін Қазақстаннан шығарылған. Алайда біраз уақыттан кейін шетелдік шекараны жаяу кесіп өтіп, Қазақстанға қайтып келген. Енді ол мемлекеттік шекараны заңсыз өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Миграциялық заңнама тәртіптерінің бұзылғаны үшін өңір тұрғындары да жауапты. Заңбұзушылықтардың басым көпшілігі шетелдік қонақтардың уақытында тіркелмеуімен байланысты. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану деректері де кездеседі. «Тәжікстан Республикасының төрт азаматын заңсыз түрде жұмысқа тартқаны үшін Шал ақын ауданының 31 жастағы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктер жұмысқа орналасу рұқсатынсыз еңбек етіп, өңірде тіркеусіз тұрып жатқан. Заңсыз жүргендер де, олардың жұмыс берушілері де жазаланды», — деді баспасөз қызметінде. Жыл басынан бері облыста ҚР аумағына кіру тәртібін бұзған 1863 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке араластырғаны үшін 78 жұмыс беруші жауап берді.

«ҚазАқпарат»

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда