jasqazaq.kz

Шет ел азаматтарынан құралған қылмыстық топ Қазақстанға жалған ақша тасымалдаған

05 қазан 2022, 15:31

Қызылорда облысында ТМД елдерінің азаматтарынан құрылған трансұлттық ұйымдасқан топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.⠀

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, қылмыстық топтың мүшелері шет мемлекеттердің бірінде жалған АҚШ доллары мен еуро банкноттарын шығарып, одан кейін Қазақстан Республикасының аймағына кіргізу және өткізу тәсілін жолға қойған.

«Қылмыстық топ мүшелері жалған шетел ақшаларын Алматы мен Қызылорда қалаларына жеткзіп, одан соң сатып отырған. Жалған ақшаның келесі партиясын Қызылорда қаласында өткізу сәтінде оларды құқық қорғау органдары қызметкерлері қолға түсірді», — делінген Мемлекеттік айыпты қолдау және апелляциялық инстанцияда қатысу басқармасының хабарламасында.

Сот үкімі бойынша топ мүшелерімен бірге, осы қылмыстық топтың аса ауыр қылмыс жасағанын біле тұра хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматшасы қылмыстық жауапқа тартылды.

«Жалпы арнайы операция жүргізу арқылы топ мүшелерінен жалған 19 800 АҚШ доллары және 500 еуро тәркіленді. Топтың 4 мүшесі 9 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қазақстан азаматының 2 жылға бас бостандығы шектелді (жалпы 5 адам)», — делінген хабарламада.

Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енбеген, қылмыстық істің апелляциялық тәртіпте қаралып жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр