jasqazaq.kz

Шенеуніктер оқушы қызға жасырын түрде түсік жасатқан

22 тамыз 2018, 15:22


Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданының акушер-гинекологы жергілікті шенеуніктердің бұйрығымен, 7-сынып оқушысының іштегі бес айлық баласын алдыртып тастаған.

Ферғана облысы ІІБ қызметкерінің айтуынша, бұл оқиға биыл мамыр айында болған. Оқушы қыздың 39 жастағы анасы қамауға алыныпты. Ол кәмелетке жасы толмаған қызын жезөкшелікке мәжбүрлеген. Сонымен бірге жасы 14-ке толмаған қызбен жыныстық қарым-қатынаста болды деген күдікпен төрт ер адам айыпталып отыр.
Қыз оқитын мектептің мұғалімдерінің бірі  – оқушы қыздың бейберекет жыныстық қатынасқа түсіп келгенін» мамыр айында білдік дейді. Мұғалімдер оқушы қыз сабаққа келуді доғарғаннан кейін, үйіне іздеп барған.
«Біз сынып жетекшісімен бірге үйіне бардық. Сосын қызды анасымен бірге жергілікті әкімдікке алып бардық. Онда қыздың өзімен, анасымен сөйлесті. Кейін мән-жайдан хабардар болғаннан кейін, инспекторға жеткіздік», – дейді мектеп мұғалімі.
«Анасы қызының екіқабат екенін жұрт біліп, ұятқа қаламыз деп, ауруханада түсік жасатуға қарсы болған», — делінген айыптау қорытындысында.
Бешарык аудандық ауруханасы дәрігерінің сөзіне қарағанда, жергілікті әкім орынбасарының бұйрығы бойынша, қыз дәрігерлік тексеруден өткен. Нәтижесінде, оқушы қыз 18 айға жүкті болған.
«Хоким орынбасары мен мектеп директорының тапсырмасы бойынша, акушер-гинеколог оқушы қыздың үйіне барып, оған түсік тастататын дәрі берген»,- делінген облыстық прокуратураның айыптау қорытындысында.
Бешарык әкім орынбасарының көмекшісімен деп таныстырған шенеунік аталған оқиғаны растап, бұл іс бойынша айыпталушылар заң алдында жауап береді деді.

caravan.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді