jasqazaq.kz

Шенеуніктер қарияларды мешітке кіргізбей қойды

04 шiлде 2018, 17:59


Түймебаевты сағаттап күткен шенеуніктер жаңадан ашылған мешітке ақсақалдарды кіргізбей қойды. Алла үйіне келген жамағат имамдармен бірге облыс әкімін күннің ыстығында далада күтуге мәжбүр болды. 

 NUR.KZ   хабарлағандай, кеше ғана, яғни үшінші шілде күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы мешіттің жанынан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының кеңсесі ашылды.
Салтанатты рәсімнің басты қонағы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевты қараша халық пен имамдар күннің ыстығында далада күтуге мәжбүр болды.Ал шара басталған сәтте жергілікті әкімдіктегілер Алла үйіне құлшылық етуге келген жамағатты облыс әкімімімен бірге кіргізбей қойды.Алдымен салтанатты рәсімнің басты қонағы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мешітке кірді. Өңір басшысымен бірге ішке кіргісі келген ақсақалдарды шенеуніктер сыртқа «ысырды».

Алайда облыстық мұсылмандар діни басқармасының өкілі мұны жоққы шығарды.»Ешкімге шектеу қойылмады. Ресми рәсім болған соң, алдыңғы қатарда басшылар тұрды. Облыс әкімі келген соң, екі-үш адам сөз алып, бірден мешітке кірдік», — дейді Түркістан облыстық мұсылмандар діни басқармасының өкілі Мұхамеджан Естеміров. Өкілдіктің ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысы орталық Түркістан өңірінің одан әрі рухани дамуына қызмет ететініне сенім білдірді.
Сонымен бірге Түркістан қаласындағы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы өкілі болып Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді