jasqazaq.kz

Шенеуніктер азық-түліктің қымбаттауына коронавирусты кінәлады

23 желтоқсан 2021, 22:57

Індет аяқталмайынша, баға тұрақтамайды! Азық-түлік құнының күн сайын құбылуын шенеуніктер енді вируспен байланыстырып отыр. Дәлірек айтқанда, пандемия кесірінен қиындаған тасымал себеп екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Шетелмен алыс-беріс уақтылы іске аспаған соң баға да шарықтап жатыр дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы. Ал отандық тауар бағасының қымбаттауына жол шығынымен қатар саудагерлердің сараңдығы да кері әсер етіпті.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

— Отандық өнімнің қымбаттағанының өзіндік бір негізі бар. Әрине, теміржол тасымалы, бензин, электр қуаты, шикізат бағасы қымбаттады. Бірақ, бір жағынан сөз байласу да бар.

Ал Бақыт Сұлтанов болса, Жұманғариннің айтқанымен келіспейтін секілді. Шенеунік көптен бері базар аралап азық-түлік алмаған да сыңайлы. Өйткені сауда және интеграция министрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандаған деп отыр. Десе де кейбір тауарлардың қымбаттағанын мойындаған министр оның себебі – елдегі өндіріс пен тұтыну көлемінің сәйкес келмеуі деп ақталды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

— Бес аптаның ішінде баға тұрақтанды. Осы аптада қазір алдын ала деректер бойынша бағасы 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша 0,2 пайызға тағы да төмендеді. Тауардың өндіру көлемі … тұтыну көлемі бойынша 6 тауарда бізде тәуекел бар.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр