jasqazaq.kz

Шенеунікке тоқал болған ақтаулық келіншек сырымен бөлісті

20 сәуiр 2018, 14:32


Ақтаулық келіншек өзінің мемлекеттік қызметкерге қалай тоқал болғаны туралы айтып берді. 

Nur.kz хабарлағандай, 1988 жылы туған Назым қазір үлкен қызметте отырған азаматтың жары. Қалада өскен ол Ақтаудағы орта мектептердің бірін аяқтаған соң жоғары оқу орнында білім алып, жекеменшік компанияда кеңсе менеджері болып жұмыс істеген.

«Өзімнен 12 жас үлкен азаматтың екінші жары боламын деген ой ешқашан болған емес. Көңілім қалаған жігітке тұрмысқа шығамын деп жоспарлайтынмын. Бірақ тағдыр олай жазбады. Жиырма жеті жасыма дейін лайықты жігіт жолықпады ма, жұмыстың жайымен салт басты болып жүре бердім. Бірде әріптес құрбым тұрмысқа шығып, үйлену тойында қонақ болдық. Сол тойда мен өзімнің болашақ жарымды кездестірдім», — дейді ол.
Назым сол тойда қырықтар шамасында жігіттің биге шақырғанына онша мән бермеген. Тойдан кейін телефонын сұрағанда да бергісі келмепті. Алайда болашақ жары ебін тауып, ақыры дегеніне жеткен.

«Бастапқы кездері ол маған ара-тұра хабарласып тұрды. Жасы қырықта дегені болмаса жақсы күтінген, жағдайы бар екені бірден байқалды. Бірақ мені ол жағы аса қызықтырмады. Қатарласым болмаған соң кездесуге де құлықты болмадым», — деп ағынан жарылды келіншек.
Алайда олар көп ұзамай қаладағы мейрамханалардың бірінде кездейсоқ ұшырасқан. Барлық шытырман сол жерден бастау алыпты.  «Бәрі сол жерден басталды. Мені құрбыларыммен бірге күтіп, жақсылап сыйлады. Әңгімесінен дұрыс азамат екені байқалды. Содан кейін біз кездесе бастадық. Бірақ оның отбасы бары мені қатты алаңдатты. Өзімді кінәлі сезіндім», — дейді Назым.
Болашақ күйеуінің ірі мекеменің бірінде басшылық қызмет атқаратынын ол кейіннен біліп, таң қалады. Тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түскенде қандай шешім қабылдарын білмей, ұзақ уақыт ойланған.   Кейін анасымен кеңесіп, күйеу жігіттің ұсынысын қабыл алған.

«Біз жас отбасылар секілді дүркіретіп той жасамадық. Ата-аналарымыз шағын топпен құдалық рәсімін өткізді. Бірінші жұбайы келісім бергенімен, қатынасып тұратындай байланысымыз жоқ. Мен бөлек үйде тұрғандықтан жолдасым аптасына екі-үш рет келіп тұрады. Ал іссапарға шыққанда ертіп алады», — дейді Назым.    Назым күйеуіне құлай ғашық болмағанымен, қатты сыйлайтындығын, оның бойында еркекке тән мінез барын айтады.

«Құрбыларыммен кездесу үшін рұқсат сұраймын. Бір-бірімізді жақсы көреміз. Кейде құрбыларыммен кездескен жерге келіп, бірге отырып көңіл көтеріп кетеді. Ол туралы менің туыстарымның да көзқарасы дұрыс», — деп сөзін аяқтады ол.    Қазір бір бала тәрбиелеп отырған оның өмірі көпшілікке қызық.      Бастапқыда туыстары қарсы болғанымен кейін келе жолдасының жақсы адам екеніне көз жеткізген соң, бұларды өсектеуді азайтыпты.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді