jasqazaq.kz

Шенеунік жол жөндеуге бөлінген 6 млн теңгені жымқырған

22 қантар 2019, 17:36

Павлодар қаласындағы Ленин кентінің әкімі парақорлық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Кент әкімі «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жолдарды жөндеуге бөлінген 6,6 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын кәсіпкердің есеп айырысу шотына аудару арқылы жымқырған деген күдікке ілінді. Тергеу жұмыстары жалғасуда», — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанада өткен брифингте. Сонымен бірге, Павлодар облысы бойынша ТЖД басқарма басшысының құқыққа қайшы әрекеттерінің жолы кесілді. «Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаменті облыстық ТЖ департаментінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өрт қауіпсіздігіндегі бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды мәжбүрлі орындау туралы материалды сотқа жолдамағаны үшін ЖШС өкілінен 500 мың теңге пара алғанын мойындады», — деді Жанна Бастарова. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процессуалдық қамау шарасы қолданылмаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде