jasqazaq.kz

Шенеунік жасырын камераға түсіп қалды (видео)

22 қараша 2019, 11:30

Батыс Қазақстан облысында жергілікті шенеунік соңғы сәтте пара алудан бас тартып, жазадан құтылып кетті.

Бұл туралы «Надежда» басылымында жарияланған «Женская интуиция» мақаласында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басылымның мәліметінше, Орал қалалық сапа және тауар қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Рамазановаға қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Оған қаладағы мейрамханалардың бірін тексеріп, оң қорытынды жазып беруі үшін 100 мың теңге бермек болған. Осылайша, пара бермек болған адам шенеунікпен кездесіп, барлығын жасырын камераға түсіріп, жазбаны Жемқорлықпен күрес қызметіндегілерге берген. «Пара Рамазановаға аударылып қойған, бірақ бір сәтте ол ақшаны аударған адамға хабарласып, параны қайта алуын сұраған. Осылайша, Рамазанова пара алудан бас тартқандықтан және қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылған. Деген біз оның «Мемлекеттік қызмет» пен мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін бұзды деп санаймыз. Осыған байланысты Рамазанованы жұмыстан босатуды сұраймыз», — деді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет. Басылымның мәліметінше, 20 қарашада Жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің кездесуі өтіп, басшылықтың әзірше бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдауға асықпайтыны белгілі болды.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда