jasqazaq.kz

Шенеунік әріптестеріне жаңа дипломын көрсетіп, ақша талап еткен

18 қантар 2019, 14:39


ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық инспекциясының басшысы Арман Жанзақов пен оның бағыныстыларына қатысты іс Қостанайдың әдеп кеңесінде қаралды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің материалдары бойынша мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін фактіні талқылады. Атап айтқанда, Қостанай қалалық ветеринарлық комитеттің басшысы А.Жанзақов «Аян-Озат» ЖШС өкілі Н.Гандзий, жеке кәсіпкерлер В.Варданян және Е. Дерийден ақша алғаны, сондай-ақ жұмыс орнында әріптестерімен ішімдік ішкені үшін қызмет әдебін бұзған. Бұған қоса, ол қызметтік көлікті жеке мақсаттарына пайдаланып, бағыныстыларына өзінің жаңа дипломын көрсетіп, сол үшін ақша талап еткен. Бейнематериалдарда белгілі болғандай, А.Жанзақов ұлының үйленгенін тойлау үшін жұмыс орнында отырыс жасаған. Шенеунік пен оның әріптестері бұл фактіні жоққа шығармады, алайда А.Жанзақов кәсіпкерлерден ақша алғанын мойындаған жоқ. Этикалық кеңестің мүшелері Арман Жанзақовты қызметтен босатуды ұсынды. Оның бағыныстыларына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылады.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық