jasqazaq.kz

Шекті мөлшер: Министрлік пен БЖЗҚ өкілдері енді басқаша сайрады (Видео)

09 желтоқсан 2021, 10:49

Зейнетақы жинағының айналасындағы әңгіме басылар емес. Еңбек министрлігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кеше ғана жаңа шекті мөлшерін есептеуге қатысы жоғын айтып, бір-біріне сілтеген еді. Енді бүгін басқаша сайрады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әдістемені әзірлеумен Серік Шәпкеновтің ведомствосы айналысады екен. Тіпті бұған дейінгі ресми сайттарында жарияланған ақпаратты жоққа шығарып, жауапты қызметкерлерін жазалап үлгерген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың 7 желтоқсанында таратылған баспасөз релизінде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін белгілеу мәселесінде министрлік құзыретіне қатысты бұрыс тұжырымға жол берілгенін хабарлайды. 2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді.

Еңбек министрлігі жеткіліктілік шегі жыл басындағы ең төменгі жалақы мөлшерімен автоматты түрде қайта есептелетінін алға тартады. Келер жылдан бастап ол 42 мың 500 теңгеден 60 мыңға дейін көтеріледі. Ал зейнетақы қорындағы салымның ең төменгі шегін айқындау әдістемесін Үкімет 2021 жылдың қаңтарында бекіткен екен. Министрлік те соған сүйеніпті. Қарапайым тұрғындармен қоса, мәжілісмендер де шенеуніктердің мұндай жауабына қанағаттанған жоқ. Өйткені бұл жалақының нақты мөлшеріне әсер етпейтін есептік көрсеткіш. Депутат Азат Перуашев, еңбек министрлігі мен зейнетақы қорының істеп отырған әрекеті халықты басынғандық деп санайды. Бүгінде 340 мың адам қордағы салымын дер кезінде пайдаланып үлгерген. 2022 жылы зейнетақы жинағының ақшасын тек 180 мың адам ғана шеше алады.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

— Расында, заңда мұндай талап жоқ. Заңда тек төменгі көрсеткіш деген не екені көрсетілген. Оған тек түсініктеме берілген. Ал нақты көрсеткіш тіпті заңмен емес, үкімет шешімі бекітетін және еңбек министрлігі дайындайтын әдістемемен шығарылады. Ал сол әдістемені пайдалана отырып нақты цифрларды салып, сол цифрларды есептеп шығаратын – Бірыңғай зейнетақы қоры. Президент бастамасына бір кедергі сияқты, шектеу сияқты, соған ұқсап тұр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде