jasqazaq.kz

Шектеуі бар адамдарды шекарадан өткізгендер ұсталды

14 қараша 2022, 17:13


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері үш мемлекеттің шекарасынан заңсыз адам өткізумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 21 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті»,-делінген хабарламада.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетел азаматы заңға қайшы қызметі үшін 700 000 (жеті жүз мың) теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды.

Шетел азаматына және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам қамауға алынды.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта