jasqazaq.kz

Шекарашылар тағы да тілсіз жауды ауыздықтады

23 желтоқсан 2021, 10:06

 Естеріңізде болса, өткен жылы  ҚР ҰҚК Шекара академиясының далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасының аға сержанты Равиль Ахметов қызмет барысында жүріп Қараой ауылындағы кенеттен тұтанған   үйлердің бірінен шыққан өртті сөндіру үшін дер кезінде қол ұшын созып көмек берген еді. Осы жолы кезекті еңбек демалысында жүрген коменданттық қызмет бөлімшесінің  атқышы аға сержант Ахметов Баймұрат Қуанышұлы ойламаған жерден тілсіз жаудың алдын алды.

2021 жылы 15 желтоқсанда көшеде келе жатып, өрт шығып жатқан үйді көрген шекарашы үйдегі адамдарды оятып, құлақтандырады. Өзі дереу далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасына барып, сол күні басқармаға кезекші болып түскен майор А.Садақбайға жағдайдың мән-жайын түсіндіреді. Содан көп ұзамай академия бойынша кезекші болып түскен подполковник А.Елекеннің бұйрығымен өрт сөндіру машинасы жолға шығады.

 

Құрамында көлік жүргізушісі кіші сержант Н.Қайырбеков пен қатардағы жауынгер А.Көпбаев  және 3-факультеттің қосымша дайындық бөлімінің старшинасы үшінші сыныпты сержант С.Қалметов бар қырағы шекарашылар оқиға орнына кешікпей жетті. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқиға орнына шекарашылардан бөлек  Алматы облысы Іле ауданының өрт сөндіру жасағы да  келген. Екі жақтан қызыл жалын шарпыған тұрғын үйді дер кезінде сөндіргендердің мәліметінше, абырой болғанда адам шығыны болмаған және жақын орналасқан үйлерді жалын шарпымаған.

Айта кету керек, өртенген үйдің иесі кезінде далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасында қызметші болып жұмыс жасаған Д.Бекбосынов екен.

№1 үйдің тұрғындары мен көршілері дер кезінде қол ұшын созып, көмек берген шекарашыларды ҚР ҰҚК Шекара академиясының басшылығына алғыс хат жазып, кез-келген сәтте адамдарға көмек көрсетуге дайын тұратын ұжымға өздерінің шексіз ризашылықтарын білдірген.

 

Жанат Жабырбеков,

ҚР ҰҚК Шекара академиясының

баспасөз хатшысы

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр