jasqazaq.kz

Шекарашылар босандырып алды

03 желтоқсан 2018, 12:27

Жамбыл облысындағы «Ауқатты» өткізу пункітінің қызметкерлері Қырғызстаннан келе жатқан әйелді босандырып алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Жамбыл облысының Қордай ауданында болған. «2 желтоқсан күні сағат 19.30 шамасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2038 әскери бөліміне қарасты «Ауқатты» өткізу пунктінде Қырғызстаннан келе жатқан Фарида есімді отандасымызды аяқ астынан толғағы қысқан. Шекара наряды ауыл ауруханасынан медицина қызметкерлері жеткенше, жүкті анаға алғашқы көмек көрсетіп қана қоймай, оны босандырып та үлгерген», — делінген таратылған хабарламада. Дүниеге келген ұл бала мен оның анасын Сортөбе ауылының ауруханасына жедел жәрдем көлігімен наряд басшысы, шекарашы-офицер бірге жеткізіп салған. «Ананың да, нәрестенің де денсаулықтары жақсы. Шекара қызметінің әскери қызметкерлері мемлекеттік шекараның күзетінде әртүрлі күтпеген жағдайларға әрдайым дайын жүреді. Бірақ мұндай жағдай бірінші рет болды», — дейді Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді