jasqazaq.kz

Шекаралас аймақтармен арадағы достығымыздың алтын тіні үзілмеуі тиіс

13 қазан 2017, 15:23

Атырауда өткен халықаралық этнофестиваль аясында, «Шекаралас аймақтағы этномәдени ынтымақтастық. Мәселелері мен келешегі» тақырыбымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Көршілес елдер халықтары мен конфессиялар арасындағы өзара келісім, мемлекетаралық тұрақтылық мәселелері талқыланған жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтап қалудың маңызы жөніндегі ойларымен бөлісті.

«Әр халықтың, ұлт пен ұлыстың өзіне ғана тән тамаша, қайталанбас мәдениеті, қалыптасқан тарихы, салт-дәстүрі бар. Осындай ерекшеліктері олардың ұлттық құндылықтарымен алмасып, бірін-бірі байытып, жетістіктерімен ортақтасып, тұтастай қоғамның игілігі жолындағы жасампаз істерді бірлесіп атқаруына септеседі. Бүгінгідей алмағайып заманда ғасырлардан ғасырларға жалғасқан достығымыздың алтын тіні үзілмеуі тиіс» деп атап өтті спикер.

Jasqazaq.kz 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде