jasqazaq.kz

Шекарадан заңсыз өткен азаматтар Зайсан қаласына жеткізіледі

15 қазан 2019, 14:26

10 қазанда Қытай азаматтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақанға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-бөлігінде қарастырылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Олар 14 қазанда Алматы қаласындағы Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасына шекарадан өту жағдайын анықтау үшін шақыртылған болатын. Процестік тәртіппен ұсталмады, қамау шаралары қолданылған жоқ. М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақан «Шығыс» ӨБ ғимаратында өз еріктерімен қалды және оларға тамақ, жататын орын берілді», делінген хабарламада. Ведмоствоның мәліметінше, олар 1 қазанда ҚХР-дан ҚР-ға шекарадан заңсыз өткендері туралы алдын ала айтқан. «Осыған байланысты, шекарадан өту жағдайын анықтау, сондай-ақ болжамды құқық бұзған жерде процестік және басқа да тексеру іс-әрекеттерін өткізу үшін 15 қазанда оларды Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласына жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қ. Мұсақан 2006 жылғы 21 маусымда мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Қазақстан-Қытай шекарасын бұзғандығы белгілі болды. Ол кезде тексеру жұмыстарынан кейін ҚХР-ға қайтарылған болатын», делінген хабарламада. Шекара қызметі оқиғаның қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді. «ҰҚК Шекара қызметі ҚХР азаматтары М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақанға қатысты сотқа дейінгі тексеру, олардың құқықтарының толық сақталуымен, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды», делінген хабарламада.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда