jasqazaq.kz

Шекарадан атпен өтіпті

28 мамыр 2019, 15:39

Қаржы пирамидасынан қанша адам зардап шеккенін естіп, тіпті көріп жүрсе де жүрегі шайлықпайтындар бар. Солардың бір тобы криптовалюта пирамидасына «атсалысып», ақырында көк тиынсыз қалды.
Бұл туралы Informburo.kz хабарлады.    Ресей Федерациясы ІІМ Алтай желілік басқармасы Қазақстанда заңсыз пирамида құрған, халықаралық іздеуде жүрген жерлесімізді қолға түсірді. Күдікті алаяқтық қылмыстың басты кейіпкері болып тұр. Тергеу барысында оңай олжаға кенелмекші болған ол 300 дерекке қатысын барын мойындады.
Ресей ІІМ-нің ресми өкілі Ирина Волк: «Азамат ірі инвестиция салу арқылы қомақты табыс табуға болатын қаржылық криптовалюта пирамидасын құрды. Салымшылардың бірі – алаяққа 13,9 миллион теңгесін санап берген. Мұндай дерек үш жүзге жетіп тұр», – дейді.
Күдікті тәртіп сақшыларынан 2019 жылдың қаңтар айынан бері қашып жүрген. Барнауыл – Мәскеу бағытындағы пойыз ішінде қолға түскен күдікті Ресей аумағына шекарадан атпен заңсыз өткенін де мойындады.

Әзірлеген Жолдасбек ДУАНАБАЙ

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда