jasqazaq.kz

Шекарадан 78 құндыз тон алып өтпек болғандар ұсталды

28 маусым 2018, 14:29

Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл» кеден бекетіне қарасты «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығы бақылау-өткізу пунктінде 78 құндыз тонын алып өткен азаматша ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кезекті кедендік тексеру барысында кеденшілер мен экономикалық қылмысқа қарсы күрес және шекара қызметкерлеріне Жанар Аубакирова есімді азаматшаның «құндыз тоңдар өткізуі мүмкін» деген ақпарат келіп түскен. Алдын ала сырттай бақылау барысында оның сыбайластарының кімдер екендігі де мөлшермен белгілі болған. Олардың алға қойған жоспары — құндыз тондарды бір адам ғана емес, бірнеше адамға бөліп беру арқылы өткізу. Сондықтан да сезік тудырып алмас үшін бірлескен топ мүшелерін кедендік тексеруден біртіндеп өткізуге тура келген. Сөйтіп, сыбайластар кедендік тексеруден өтіп болған соң, құндыз тоңдарды бір жерге жинаған сәтте ғана кеденшілер мен шекарашылардың және экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметкерлерінің бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде қолға түсті. Ұсталған 78 дана құндыз тоңдардың кедендік құны 12 миллион 750 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 бабының 1 тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді