jasqazaq.kz

Шекарадағы кептеліске не себеп?

24 қыркүйек 2019, 21:47

Қазақ-өзбек шекарасындағы тәулік бойы кептеліс неден туды? Қазақ-өзбек шекарасында тағы да кептеліс. Жібек жолы шекара бекетіне келген көліктер тәулікке жақын тұралап қалып жатыр. Бұл туралы жүргізушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеуде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жүргізушілердің мәлімдеуінше, шекарада кептеліс 2-3 күннен бері болып жатыр. Шыдамы таусылған олар мәселеге Кеден комитеті аралассын деп байбалам салуда. Ал, кеденшілер отандық шекара шебіндегі кей бекеттерде кептелістің бар екенін жасырмайды. Бұған өзбек шекарашылары себепкер деп отыр. Яғни, төрт күн бұрын «Жібек жолы» бекетінде Тәжікістаннан Ресейге көлігімен есірткі апара жатқан тәжік азаматы ұсталған. Оны аңдамай қалған өзбек шекарашылары енді әр көлікті сағаттап тексеріп, соның салдарынан кептеліс болып жатыр дейді.

Баян Тұлғабаева, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:

— Осыған байланысты Өзбекстан Республикасына кіру кезінде көлік құралдарының шоғырлануы орын алуда. Ол өз кезегінде ҚР аумағына да әсерін тигізіп отыр. Ал жүргізушілер өз тарапынан Жібек жолы кеден бекетіне келіп тірелмей, Қапланбек және Қазығұрт кеден бекеттері арқылы өтіп жатқаны мәлім. Қазір Түркістан облысы бойынша Кіріс департаментінің кеден бекеттерінің өткізу пунктері штаттық кестеге сай жұмыс істеуде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда