jasqazaq.kz

Шекарада ұйықтап қалған сарбаз сот алдында жауап берді

09 қантар 2018, 12:18

Қостанай облысының Қарабалық аудандық сотында шекара бекетінде ұйықтап қалған 22 жастағы әскери қызметшіге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды «Алау» өңірлік басылымы.

Іс материалдарына сүйенсек, 2017 жылдың 11 қазанында шекара қызметінің әскери қызметшісі қызмет бабында ұйықтап қалған. Сарбаз кінәсін толық мойындап, әскери бөлімде келісімшартпен жұмыс істейтінін айтты.
«Сол күні таңғы жетіде ол қызметіне кіріскен. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі техникалық үзіліс арасында жігіт ұйықтап қалған. Үзіліс біткеннен кейін де ұйықтағаны белгілі болды. Оны басқа бір азамат оятқан. Кінәсін мойындап, ісіне өкініп отыр», — деп мәлімдеді сотта.

Істі қарау қорытындысы бойынша әскери қызметшіге 25 АЕК (60 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

sputniknews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды