jasqazaq.kz

Шекара қызметінің офицеріне пара берген адам ұсталды

18 наурыз 2019, 15:11

Тараз қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицеріне пара берген адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараз қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі қызметкерлерімен бірлесе өткізген шараларының нәтижесінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты көлік тексеріп-өткізу пункттерінің бірінің бастығына 390 000 теңге пара берген 38 жастағы қазақстандық ұсталды», — делінген хабарламада.
Ол Шекара қызметінің офицеріне параны Қазақстаннан Қырғыз Республикасына қарай жанар-жағармай өнімдерін ешқандай кедергісіз өткізу үшін бермек болған екен. Процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.
Шекара қызметі Мемлекеттік шекарадан жанар-жағармай өнімдерін ірі көлемде ғана емес, шағын көлемде де заңсыз өткізуге күн сайын тосқауыл қойып келеді.
«Өткен демалыс күндерінде ғана ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Мырзакент, Қордай шекара отрядтарының «Жетісай-авто», «Қарасу-авто», «Ауқатты», «Сортөбе» өткізу бекеттерінде 800 литрден астам дизель отынын, 60 литрге жуық «АИ-92» бензинін әртүрлі жолмен заңсыз алып өтпек болған 1 өзбекстандық, 3 Қырғыз Республикасының және 1 Қазақстан Республикасының азаматтары ұсталды», — делінген хабарламада.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда