jasqazaq.kz

Шекара асқан шымкенттік жігіт тікелей эфирде қайтыс болды

01 ақпан 2019, 10:19

Бірнеше күн бұрын табыс табу мақсатында Ресейге кеткен шымкенттік 18 жастағы Ирфан Ахмеджанов әлеуметтік желіде тікелей трансляция кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға 30 қаңтарда Жаңа Уренгой қаласында болған.

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды. Жігіттің сүйіктісі elitar.kz басылымына берген сұхбатында, Ирфанның болашаққа деген жоспарлары көп болғанын және ол үйленуге дайындалып жүргенін айтқан. «Ирфан Ресей аумағында үш күн ғана болды. Ол ештеңе де тауып үлгермеді. Таяуда ғана жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, ол бақытты еді. Мұндайға баруына не түрткі болғаны белгісіз», — деді Светлана Саенко. Олардың отбасында әкесі және үш қарындасы бар, жақында әжесі қайтыс болды, сол себепті Ирфанды алып келіп, жерлеуге үйінде қаражат жоқ. Ирфанды алып келіп, Шымкентте жерлеу үшін қажетті соманы жинауға атсалысуды сұраймыз», — деді қыз бала. Шымкентте бірнеше сайттар мен пабликтер қаражат жинау науқанын бастап кеткен. Instagram қолданушылары да көмек сұрап жатыр. «Құрметті достар! Біз жақын досымыздан, ұлдан, бауырдан, әріптес, болашақ күйеу және жақсы адамнан айырылып қалдық! Ол небәрі 18-де еді, үйінен жырақта түсініксіз жағдайда қайтыс болды!Баланы елге қайтаруға көмектесіңіздерші! Тасымалдау үшін қомақты қаражат керек! Әлемде жақсы адамдар барына сенеміз», -деп жазды қолданушылар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда