
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахманов (13-0) UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Мишель Празересті (26-3) жеңді.
Бұл айқас Лас-Вегас қаласында өтіп, 26 жастағы отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
Бірінші раундта Рахманов қарсыласын бақылап, әлсіз тұстарын анықтады. Алғашқы раунд барысында қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады.
Ал екінші раундта Шавкат өте белсенді бастап, қарсыласын қылғындырып тастады. Осылайша ол UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Vesti.kz