jasqazaq.kz

Шавкат Мирзиёев 80,1% дауыс жинап, екінші мерзімге сайланды

26 қазан 2021, 10:11

Өзбекстанда жексенбі күні өткен президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясы мәлімдегендей, президент сайлаушылардың 80,1% дауысын алған.

Ресми мәліметке сәйкес, «Халықтық демократиялық партиядан» Максуда Варисова 6,6%, «Ұлттық жаңғыру партиясының» лидері Алишер Кодиров 5,5%, «Экологиялық партиядан» Назрулло Обломурадов 4,1%, «Әділет» партиясынан Бахрам Абдухалимов 3,4% алған.

Өзбекстандағы президент сайлауына сайлаушылардың 80 пайыздан астамы келіп, дауыс берген.

Өзбекстан билігі оппозиялық үш партияның тіркелуіне, президент сайлауына кандидатын ұсынуына рұқсат бермеді.

Өзбекстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы алтыншы рет президент сайлауын өткізіп отыр.

Мирзиёев президенттік алғашқы мерзімі аяқталуға жақындағанда Өзбекстанды 27 жыл үздіксіз басқарып, 2016 жылы қайтыс болған Ислам Каримовтың авторитарлық әдеттеріне оралып жатыр деген пікірлерді жоққа шығаруға тырысқан.

Орталық сайлау комиссиясының жексенбі, кешкі сағат 20-дағы мәліметіне қарағанда президент сайлауына 16 миллионнан астам адам дауыс берген. Сайлаушылар тізімінде барлығы 20 миллионға жуық адам бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде