jasqazaq.kz

Шавкат Мирзияев шаруаларды қорлаған шендіні жұмыстан босатты

30 қазан 2018, 13:08

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев премьер-министрдің орынбасары Зойира Мирзаевты қызметінен босатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Uznews сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға ғаламторда шаруаларды қорлаған суреттер таралғаннан кейін болды. 27 қазанда Ақорған ауданында «Абдуносир Гулям» шаруа қожалығында шаруалар мен жауапты тұлғалар алқапты суғармағаны үшін суға толы арықта тұруға мәжбүр болған. Сурет: upl.uz Сол күні бірнеше ер адам үлкен тастарды қолымен жоғары көтеріп тұрған жаңа суреттер пайда болды. Сондай-ақ, бұл оқиға Ташкент облысында осы жолы Бекабад ауданында болған деп болжанған еді. Шаруалар мен жауапты тұлғалар алқаптардың жағдайы нашар болғаны үшін осылайша жазаланды.

Сурет: uznews.uz

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 29 қазанында президент Шавкат Мирзияев мәжбүрлі еңбектің кез келген түрі мен формаларына жол бермеу үшін барлық деңгейде мемлекеттік басшылардың жауапкершілігін арттыруға тапсырма берген. Бұл жарлыққа сәйкес, астық себу және жинау процесіндегі кемшіліктерге байланысты премьер-министрдің орынбасары, ауыл және су шаруашылығы мәселелері жөніндегі Үкімет кешенінің басшысы, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін қайта өңдеуге жауапты болған Зойир Мирзаев атқарып отырған қызметінен босатылды. Өзбекстан мемлекетінің басшысы Мирзиеев бас прокурорға ауыл шаруашылығы жұмыстары барысында жасалған заң бұзушылықтарға сәйкес тергеу ісін жүргізуді тапсырды. «Өзбекстан Республикасының премьер-министріне, мемлекеттік билік органдағылар мен шаруашылық бірлестіктердің басшыларына мәжбүрлі еңбектің барлық түрі мен нысандарын жоюға бағытталған шараларды қабылдау тапсырылды», — делінген Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіндегілердің хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде