jasqazaq.kz

Шашымды дұрыс алмады деп өзбек шаштаразды өлтірген ресейлік ұсталды (видео)

16 қазан 2017, 11:55

Шашының қиылғанын ұнатпай қалып, өзбек шаштаразды өлтірген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шашымды дұрыс алмадың деп өзбек шаштаразды өлтірген ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ол бұрын екі рет сотталған.

13 қазан күні Мәскеудің Губцево ауылында екі ер адам жанжалдасып қалған. Сол кезде айыпталушы жәбірленушінің кеуде тұсына 3-4 рет темір сұғып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақаттарының нәтижесінде жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

«Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол өзінің істеген ісін мойындады», — дейді Ресей ТК МТБ ресми өкілі Юлия Иванова.

Федерация кеңесінің сенаторы Антон Беляков өзінің Facebook парақшасында қайтыс болған жігіт Өзбекстаннан келіп, шаштаразшы болып жұмыс істегенін жазған.

Бейсенбі күні шаштаразда істейтін жігіт айыпталушының шашын алып берген. Келесі күні ол қайтып келіп, қиылған шашының ұнамайтынын айтқан.

«Шашының қиылған үлгісі ұнамаған жігіт шаштаразшыны сыртқа алып шығып, оның жүрек тұсына 3 рет шампурды сұғып алған», — деп жазған Беляков.

https://youtu.be/PfucJ33GX3g

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде