jasqazaq.kz

Шарын шатқалындағы оқиға: Саяхат мектеп әкімшілігімен келісілмеген

31 мамыр 2021, 16:20

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жайында ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ата-аналары мен жақындарына көңіл айтамыз. Оқиғадан Бала мен мұғалім көз жұмды. Мұндай жағдайда комитеттің жанында «Бала қорғау» телеграмм-чаты жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Алматы облыстық полиция департаменті бұл сапарды «Раджаби» ЖШС туристік агенттігі ұйымдастырғанын анықтағандығын ғана айта аламыз. Туристер құрамында Алматының №199 мектебінің 5 сыныбын оқитын 8 оқушы, 5 ата-ана және 3 мұғалім болған. Бұл әрекеттердің барлығы, саяхат мектеп әкімшілігімен келісілмеген», — деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Оның атап өтуінше, демалыс және саяхат өткізу жөніндегі әдістемелік құралға сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелері көзделген, сонымен қатар балалар тобымен ілесіп жүретін нұсқаушы болуы тиіс. Сонымен қатар Есенғазы Иманғалиев осы қайғылы оқиға байланысты министр ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысын жарияланғандығын атап өтті.

«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 30 мамыр таңғы сағат 09:34-те 2010 жылы дүниеге келген қыз баланы тапқан болатын. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия