jasqazaq.kz

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: Оқушы мен мұғалім көз жұмды

30 мамыр 2021, 12:51

Білім және ғылым министрлігі Шарын шатқалында орын алған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше Шарын шатқалында қайғылы оқиға орын алды. Өкінішке орай, келіп түскен ақпаратқа сәйкес, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы оқиға салдарынан 1 оқушы мен бейіндік пән мұғалімі көз жұмды, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қаза болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», — делінген министрлік ақпаратында. Сонымен қатар ведомство ата-аналар мен мұғалімдерге сапарға шыққан кезде барынша сақ болу керектігін ескертеді. «Оқу жылы аяқталған кезде мұғалімдер мен ата-аналар өз сапарларын жоспарлап қойған болар. Осы ретте өздеріңізге және балаларыңызға сақ болуларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше абай болып, балалармен демалуға не экскурсияға барғанда, су қоймаларына түспегеніңіз абзал. Сонымен бірге қауіпті аймақтарға жақындамай, әрдайым балаларыңыздың жанында болыңыздар. Өйткені Сіздің өміріңіз бен амандығыңыздан қымбат ештеңе жоқ», — деп ескертеді Білім министрлігінен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық