jasqazaq.kz

Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды

29 мамыр 2021, 17:32

Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болды. Тағы 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық ТДЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада, көз жұмған адамның бірі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім екендігі айтылады. «29 мамыр күні күндізгі сағат 13:35 шамасында Шарын шатқалында сел жүріп екі адамның мерт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілді»,- деп мәлімдеді аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір оқиға орнында 31 құтқарушы, 8 техника және жедел жәрдемнің 4 көлігімен 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр. «Осы 8(7282)22-02-13, 22-02-18 нөмірлер бойынша арнайы желі қосылған. Қажетті психологиялық көмек көрсетілуде «,- деп толықтырды баспасөз қызметі. Сел жауын салдарынан жүрген. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалған. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде