jasqazaq.kz

Шаруа қожалығынан 36 бас мал ұрлаған ер адам ұсталды

20 маусым 2022, 10:04

Семейдегі шаруа қожалығынан 36 бас мал ұрлаған ер адам құрықталды. Бұл  туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына жергілікті шаруа қожалығының 46 жастағы басшысы хабарласқан.

Өз сөзінде ол белгісіз біреулердің еркін жайылымнан 36 бас ұсақ малын ұрлап кеткенін жеткізді.

Осының салдарынан жәбірленушіге келген материалдық залал мөлшері шамамен 1 500 000 теңгені құраған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Мал ұрлығын көрші қожалықтардың бірінде жұмыс істейтін 54 жастағы адамның жасағаны белгілі болды. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұсталған адам қолхатпен босатылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр