jasqazaq.kz

«Шаршадым». Жалғас Жұмағұлов күтпеген мәлімдеме жасады

21 қараша 2022, 10:59

Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді.

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) карерасын аяқтайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бесінші рет жеңілгеннен кейін Жұмағұлов Instagram-парақшасында үндеу жасады.

«Жекпе-жекті бәрі көрді, не айтамын? Ештеңе айта алмаймын. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Енді төбелескім келмейді. Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді. Шаршадым — барыңды салып сонша еңбектенесің… Қазір эмоцияға салынып отырған жоқпын, барын айтып отырмын», — деді Жұмағұлов.

Еске салайық, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кезекті рет жеңілді. Отандасымыз Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 215 турнирінде төрешілердің бөле жарған шешімімен америкалық спортшы Чарльз Джонсонға жол берді.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Жалғас дәл соққылар көрсеткіші және шабуылда ширақ қимылдарымен көзге түскен. Бір тейкдаун да еншісінде бар еді. Алайда екі төреші америкалық спортшыны 29:28 есебімен жеңімпаз деп таныған. Бір төреші Жалғасқа басымдық берген. Нәтижесінде жеңіс қарсыласына бұйырды.
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта