jasqazaq.kz

Шардарада балықшылар су инспекторларын соққыға жықты

13 наурыз 2018, 17:28

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында бір топ балықшылар су қорықшыларын соққыға жықты.

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд барысында Шардара су қоймасында заңсыз балық аулап жүрген бір топ балықшы анықталған. Олар су инспекторларының ескерту-талаптарына бағынбай, керісінше, өздерін ұрып-соққан. «Шардара аудандық ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде 1990, 1994 және 1987 жылдары туған Сарыағаш ауданының төрт тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда аталған факті негізінде «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», — делінген ІІД хабарламасында.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде